Көркем гимнастикадан әлем кубогінің жарыс кестесіне өзгеріс енгізілді

0
0

COVID-19 індетіне байланысты Олимпиада ойындары кейінге шегерілгеннен кейін Халықаралық гимнастика федерациясы жарыс күнтізбесіне өзгеріс енгізді, деп хабарлайды Елорда Инфо оlympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Жаңартылған күнтізбеге сәйкес, көркем гимнастикадан бірінші әлем кезеңінің өтетін уақыты белгілі болды. Бастапқыда аталған додалар кейінге шегерілген болатын. Нәтижесінде, барлық кезең биыл өткізілмейтін болып, 2021 жылға ауыстырылды.

Жаңартылған кесте бойынша әлем кубогінің өтетін мерзімдері келесідей:

– София (Болгария) – 9-11 сәуір, 2021 жыл;

– Ташкент (Өзбекстан) – 16-18 сәуір, 2021 жыл;

– Баку (Әзірбайжан) – 7-9 мамыр, 2021 жыл;

– Песаро (Италия) – 28-30 мамыр, 2021 жыл.