Хаттамаға өзгеріс енгізілді – Денсаулық сақтау вице-министрі

0
0
фото интернеттен алынды

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова коронавирус инфекциясын емдеуге арналған хаттамаға фавипирави́р препаратының қосылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Елорда Инфо.
«2 күн бұрын коронавирустық инфекцияны емдеуге арналған хаттамаға өзгеріс енгізілді. Хаттамаға Фавипирави́р препараты қосылды. Бұл препарат Жапония мен Ресей Федерациясының тәжірибесінде кеңінен пайдаланылады. Жалпы, коронавирус инфекциясы жаңадан шыққан ауру түрі болғандықтан, оны тікелей емдейтін дәрі әзірге жоқ. Алайда басқа да вирустарды емдеуге қолданылатын дәрілер енгізілді. Қазіргі уақытта осы препараттарды сатып алу жағын қарастырып жатырмыз. Бірыңғай дистрибьютор келіссөздер жүргізуде. Бұл препараттар патенттік қорғауда болғандықтан, оны субстанциялау да қарастырылуда. Бастысы бұл препараттарды өндіруге дайын отандық өндірушілер бар. Жақын арада Қазақстан қалайда осы дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілетін болады», – деді ол.
Айта кетсек, отандық «Dolce-Pharm» фармацевтикалық компаниясы медициналық өнімдердің 200-ге жуық түрін шығарады.