Қазақстанның Сингапурдегі Елшісі Жаңа Зеландияның Генерал-губернаторына сенім грамоталарын тапсырды

0
0

Қазақстан Республикасының Сингапур, Жаңа Зеландияда және Аустралия Одағындағы Елшісі Аркен Арыстанов Жаңа Зеландияның Генерал-губернаторы Пэтси Реддиге сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлайды Елорда Инфо Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Рәсім онлайн форматында екі ел тарихында алғашқы рет өткізілді. Сұхбат барысында Қазақстан Елшісі Пэтси Редди мен Жаңа Зеландияның халқына Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан ізгі тілектерін жеткізді.

А.Арыстанов биыл Қазақстан мен Жаңа Зеландия дипломатиялық қарым-қатынастарға 28 жыл толғандығын атап өтті. Екі ел арасындағы қарым-қатынастар ортақ мүдделерге негізделген және одан әрі кеңейту үшін айтарлықтай әлеуетті көрсетеді. Қазақстан сауда-экономикалық ынтымақтастықты, сондай-ақ адамдар арасындағы байланыстарды жандандыруға тырысады. Мемлекеттік секторды реформалау, тиімді экономикалық басқару және Жаңа Зеландиядағы адами капиталын дамыту Қазақстан үкіметі үшін ерекше қызығушылық тудырады. Климатты қорғау, жаңартылатын энергия, ауыл шаруашылығы және технологиялар трансферті сияқты салалардағы одан әрі ынтымақтастықтың да әлеуеті зор.

Өз кезегінде Пэтси Редди Қазақстанды ауқымды саяси және экономикалық жетістіктерімен құттықтап, екі ел арасындағы қатынастардың достық және сындарлы сипатын атап өтті. Генерал-губернатор өз сөзінде сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестікті кеңейтуге, сондай-ақ көпжақты тректегі ынтымақтастықты тереңдетуге өзара қызығушылықты баса айтты. П. Редди пандемияның жақын арада аяқталуына үмітін білдірді және Қазақстан Елшісін 2021 жылғы 6 ақпанда өткізілетін елдің Ұлттық күнін атап өту үшін Жаңа Зеландияға шақырды.