Мүгедек спортшыларға арналған мектептің оқушыларына сыйлықтар табыс етілді

0
0

Бүгін Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында «Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, мүгедек спортшыларға арналған спорт мектебінің» басшылығы мен әкімшілігі жас спортшыларды шуақты әрі жарқын мерекемен құттықтап, демеушілердің көмегімен оларға естелік сыйлықтар табыс етті, деп хабарлайды Елорда Инфо аталған мектептің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мектеп басшысы Нұржан Әубәкіров жас спортшыларды халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтап, зор денсаулық, мерейлі жеңістер тіледі.

Жас чемпиондарға үстел ойындары, құрастырғыштар, ойыншықтар мен тәттілер сыйға тартылды.

«Біздің жас чемпиондарымызды балаларды қорғау күнімен құттықтаймын және барлықтарыңызға бақыт, жоғары спорттық нәтижелер мен бейбіт аспан тілеймін», – деп құттықтады мектеп басшысының орынбасары Әнуар Дулатұлы.

Спортшылардың ата-аналары осындай мереке үшін басшылық пен демеушілерге алғыстарын білдіріп, барлығын мерекемен құттықтады.

Айта кетейік, Халықаралық балаларды қорғау күні жыл сайын 1 маусымда аталып өтеді. 1949 жылдың қараша айында Парижде Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясы конгресінің шешімімен құрылып, алғаш рет 1950 жылы аталып өткен.