Виртуал турнир. Финалға Головкин мен Кличко шықты

0
0
Дереккөз: Prosports.kz

Vringe.com сайты бокстан «Посткеңес аңыздары» виртуал турнирін өткізуде. Оған қазақстандық Геннадий Головкин де қатысып жатыр, деп хабарлайды Елорда Инфо Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Жартылай финалда Головкин украиналық Василий Ломаченкоға мүмкіндік қалдырмады. Геннадийге жанкүйерлердің 74 пайызы дауыс берсе, оның қарсыласын 26 пайыз адам таңдаған.

Жартылай финалдың екінші кездесуінде Владимир Кличко ресейлік Сергей Ковалевті жеңді. Есеп – 71:29 пайыз.

Осылайша, финалда Головкин мен Кличко кездеседі.