Бүгін 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау басталды

0
0
Фото интернеттен алынды

Бүгін 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау басталды, деп хабарлайды Елорда Инфо Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап.

Құжаттарды тапсырудың үш жолы бар:

– egov.kz арқылы;

– ХҚКО арқылы;

– қағаз түрінде мектепке тапсыруға болады.

Қажетті құжаттар тізімі:

– Ата-ананың (немесе оларды алмастыратын тұлғалардың) өтініші;

– Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

– «Бала денсаулығы паспорты» 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;

– 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;

– 3х4 көлеміндегі 2 фото.

Құжат қабылдау мерзімі 1 тамызға дейін жалғасады.