Қ.Тоқаев Пашинянның сауығып кететініне сенім білдірді

0
0
Фото Ақорда сайтынан алынды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арменияның Премьер-министрі Н.Пашинянның сауығып кетуіне тілектестік білдірді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Армения Премьер-министрі Н.Пашинянның тезірек сауығып кетуіне тілектеспін. Ол өз қажыр-қайратының арқасында дерттен құлан-таза айығып, достас Арменияның игілігі жолындағы қызметіне қайта оралады деп сенемін», – деп жазды Мемлекет басшысы өзінің Твиттер парақшасында.