Алтай Көлгінов балаларды қорғау күнімен құттықтады

0
0
Фото авторы: Александр Куприенко/Elorda Aqparat

Елорда әкімі Алтай Көлгінов балаларды қорғау күнімен құттықтады. Бұл туралы қала әкімі Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Ата-аналар мен балаларды 1 маусым – балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын! Балалар – біздің болашағымыз. Мемлекет білім беру саласын дамтуға және ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдауға ерекше көңіл бөледі. Әкімдік жұмысты жүйелі негізде жүргізеді. Ерекше қажеттілігі бар балалардың ата-аналарымен кездесу кезінде бірқатар мәселелер көтерілді. Олардың қатарында оңалту орталықтары желісін кеңейту, инватакси санын арттыру, жұмысқа орналасу және т.б.
Қалада ерекше қажеттілігі бар 5,5 мың бала бар. Балаларды оңалту үшін жағдай жасаймыз», – деп жазды А.Көлгінов.

Біріншіден, өткен жылдан бастап балалардағы церебралды паралич, аутизм, Даун синдромы және т.б. диагнозы бар балаларды оңалту орталықтарын кеңейту бойынша жұмыстар басталды.

– Уәлиханов көшесінде орналасқан «Асыл Мирас» Аутизм орталығын жаңа үй-жаймен қамту аутизм диагнозы бар балаларды екі есе қамтуға мүмкіндік береді.

– Былтыр «Erekshe balalar» оңалту орталығындағы әр балаға кететін бір күндік қаржыландыру сомасы 2 820 тг болса, қазір бұл қаражатты екі есе арттырдық. Әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы өсті, ғимарат берілді.
Орталықта БЦП диагнозы, аутизм, Даун синдромы бар балаларға көмек көрсетіледі.

– «Орда» оңалту орталығы Даун синдромы мен аутизмі бар балаларға көмек көрсетеді.

Екіншіден, ерекше қажеттілігі бар балалардың күтімімен айналысып отырған ата-аналарға жұмысқа орналасуға, қосымша білім алуға, медициналық көмек алуға және т.б. көмектесеміз.

Үшіншіден, көру қабілеті төмен балаларға арналған балабақша құрылысы басталды. Ипподром базасында иппотерапиямен айналысуға арналған жабық манеж тұрғызамыз. Сонымен қатар, жазда оңалту орталығының құрылысы басталады. Инватакси саны екі есе өсті.

Төртіншіден, жаңа ғимараттардың бірінші қабаттарында медициналық орталықтар, балабақшалар, оңалту орталықтары орналасады.

Осы бағытта жұмысты жүйелі негізде жүргіземіз.