Қазақстан мемлекеттік авиациясының ұшуларын метеорологиялық қамтамасыз етуге өзгерістер енгізілді

0
0

«Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшуларын метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 8 мамырдағы №320 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды Елорда Инфо Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олар «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» ҚР 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 15 бабының 26) тармағын іске асыру үшін әзірленген.

Бұйрық жобасы ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін метеорологиялық жағдайларды барынша толық талдауға бағытталған Қазақстан мемлекеттік авиациясының ұшуларын метеорологиялық қамтамасыз ету тәртібін анықтайды.

Бұйрық жобасы «Ашық НҚА» интернет-порталында https://legalacts.egov.kz орналастырылған.