Елімізде демалыс күндері күн жылы болады

0
0
Фото авторы: Сұлтан Сейітов

Қазгидромет 23-25 мамыр күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігі антициклонның ықпалында болады, сондықтан барлық дерлік аумақта жауын-шашынсыз ыстық ауа райы болады деп күтілуде.

Алайда кей жерлерде желдің күшеюі, оңтүстік және батыста шаңды дауылдар сақталады. Тек бірінші күні, фронтальды бөлімдердің ықпалымен батыс өңірлерде кей жерлерде найзағаймен жаңбыр жауады.