«Аntikor ortalygy» алаңында Сарыарқа ауданын дамыту жоспарлары айтылды

0
0

Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданының әкімі Ерғали Егемберді «Antikor.LIVE» жобасы аясында онлайн-брифингте аудан әкімдігінде атқарылып жатқан жұмыстар мен жоспарланған іс-шаралар туралы атап өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо.

2020 жылдың 1 тоқсанындағы ақпарат бойынша Сарыарқа ауданында шамамен 340 мың адам тіркелген. Бұл – жалпы елорда тұрғындарының 29,6% құрайды.

Кездесу барысында әкім бүгіннен бастап «Сарыарқа» ауданы әкімдігінде Жұмыспен қамтудың жол картасына қатысуға өтініштерді қабылдау басталғанын айтты.

«Биыл біздің алдымызда жұмыспен қамту орталығы бағытында 250-ден астам адамды тұрақты жұмыспен қамту міндеті тұр. Сонымен қатар, Жұмыспен қамтудың жол картасын жүзеге асыруда 40 үй аумағын абаттандыру, 14 қоғамдық орынға құрылыс жұмыстары мен ретке келтіру, көшелерді жарықтандыру және суару жүйесі үшін 2 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінді» – деді Ерғали Егемберді.

Бұл жұмыстарға оның ішінде аулаларды абаттандыруға 500-ден астам адам тартылады, оның жартысы жұмыспен қамту орталығынан жіберіледі.

Ауданда 540 аула бар, оның 119-ы немесе 22% әлі де жөндеуді қажет етеді.

Биыл Жұмыспен қамту жол картасының арқасында 40 ауланы абаттандыру жоспарланған, жұмыстар келесі аптада басталады.

Эфир барысында әкім «Бюджетке қатысу» жобасы аясында осы жылдың 27 қаңтарынан 1 наурызына дейін 40 өтініш түсіп, оның ішінде 13 жоба биыл іске асырылатынын жеткізді.

«Мен аудан тұрғындарын «Бюджетке қатысу» жобасына белсенді қатысуға шақырамын», – деді Ерғали Егемберді.

Естеріңізге сала кетейік, «Астана – адалдық алаңы» жобасы аясында Сарыарқа ауданы әкімдігі бірінші болып «Бюджетке қатысу» пилоттық жобасын жүзеге асырды. Оның көмегімен азаматтар жергілікті бюджеттен нысандарды абаттандыру үшін өз идеяларын ұсынады.

Өткен жылы аудан әкімдігінде пилоттық режимде ауланы абаттандыру және инфрақұрылымды дамыту бойынша жалпы 100 млн теңгені құрайтын 14 жоба жүзеге асырылған.

Сондай-ақ, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын қамтамасыз ету және тұрғындармен кері байланысты күшейту аясында 27 қаңтар мен 3 ақпан аралығында аудан тұрғындарымен 6 есеп беру кездесу өткізілген. Кездесуге 2 000-нан астам тұрғын қатысып, 118 тұрғыннан 278 сұрақ қойылған.

Сарыарқа ауданы әкімінің тұрғындармен есеп беру кездесуіндегі тұрғындардың ұсыныстары мен өтініштерін орындау мақсатында іс-шаралар жоспары бекітілген (http://saryarka.astana.kz/apparat/otchet-akima.php).

Әкім Сарыарқа ауданында 2018 жылдың қараша айында «Астана – адалдық алаңы» жобасын жүзеге асыру аясында «Open space» форматында ашылған фронт-кеңсе туралы атап өтті.

Трансформация аясында жұмыс кеңістігін оңтайландырған (3-қабат толық босатылған, 1 000 м2). Жыл сайын 38 млн теңге бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді.

Сарыарқа ауданы елімізде «Сити-менеждер» және «Бюджетке қатысу» сынды серпінді жобаларды бірінші болып жүзеге асырған.

Азаматтардың өтініштеріне тез әрі тиімді жауап беру үшін әлеуметтік желілер (Instagram, Facebook және Telegram) арқылы керу байланыс орнатуда. Әлеуметтік желілерде 22 мыңнан астам жазылушы бар. Әкімдік аудан тұрғындарынан оларды толғандыратын барлық мәселелер бойынша күнделікті байланыс орнатуда.

«Ikomek» жүйесі белсенді тұрғындарға проблемаларын мемлекеттік органдарға тез арада жеткізуге ерекше мүмкіндік береді.

Осы жылдың 4,5 айында 11,5 мыңнан астам өтініш, өткен жылы 14 мыңға жуық өтініш қаралған.

Әкім сонымен бірге аймақта қоғамдық кеңістікті абаттандыру, газдандыру, дезинфекциялау, маңызды нысандарды салу (мектептер, ауруханалар және т.б.), жұмыс орындарын құру, жолдарды жөндеу, жоспарланған маңызды әлеуметтік және басқа нысандар бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға қатысты бірқатар сұрақтарға жауап берді.