Елордада халық көп жиналатын орындарда ауқымды дезинфекция жүргізілуде

0
0
Фото: astana.gov.kz
Бүгін Нұр-Сұлтанда халық көп жиналатын орындарда (саябақ, сквер, гүлзар, жағалау және т.б.) ауқымды дезинфекция жүргізілуде. Дезинфекция таңғы сағат 6-7-де басталды. Өңдеу кезінде қала тұрғындары адамдар көп жиналатын орындарға бармағаны жөн, деп хабарлайды Елорда Инфо.
Қаланы өңдеуге коммуналдық сала қызметтерімен бірге ТЖД мен мамандандырылған компания қызметкерлері қатысуда. Дезинфекция жұмыстары жаяу және арнайы машиналардың көмегімен жүргізіледі.
Қалалық санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес, СОО, базарлар, ТД және басқа да көпшілік жиналатын орындар басшылары жұмыс орындарында дезинфекция жүргізуі тиіс. Қалада барлығы 20 миллион шаршы метрден астам аумақта дезинфекция жасалды. Дезинфекциялау тұрақты түрде жүргізіледі.
5 шілдеден 2 тамызға дейін елімізде шектеу шаралары енгізілді. Қала тұрғындары санитария нормаларын қатаң сақтап, маска тағып, антисептик қолданып, әлеуметтік қашықтық сақтауы керек.