«Гарант» тұрғын үй кешені биыл пайдалануға беріледі

0
0
«Гарант» тұрғын үй кешені биыл пайдалануға беріледі. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Елорда Инфо.
«Ы.Дүкенұлы мен Ш.Уәлиханов көшелерінің қиылысында орналасқан үлескерлердің проблемалық «Гарант» тұрғын үй кешенінде 170-ке жуық алданған үлескерлер бар. Бұл тұрғын үй кешенінің құрылысы 2011 жылы басталып, 2015 жылы проблемалық үйлердің санатына кірген болатын. Бұл үйді осы жылы жазда тапсыруды жоспарлап отырмыз. Бүгінде инженерлік-коммуникациялық желілер тартылып, әрлеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жақын арада кешен аумағын абаттандыру жұмыстары басталады. Президентіміздің тапсырмасына сәйкес алдағы 5 жылда біз елордалық үлескерлердің мәселесін толық шешу жоспарда бар. Қазір біз осы бағытта Үкіметпен бірге жұмыс істеп жатырмыз», – деп жазды А.Қайсағалиев.