Байқоңыр аудандық әкімдігі ұйымдастырған балалар арасындағы байқаудың жеңімпаздары марапатталды

0
0

Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр аудандық әкімдігі Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырған байқауға еліміздің түпкір-түпкірінен 200 тарта бала атсалысып, бақтарын сынаған болаты. Мереке қарсаңында осы байқаудың қорытындысы шығып, үздіктер марапатталды, деп хабарлайды Елорда Инфо. 

Олар байқау шарты бойынша қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының шығармаларын қазақ немесе орыс тілінде нақышына келтіре оқып, «Байқоңыр» ауданы әкімдігінің Instagram немесе Facebook парақшасына #Байқоңырконкурс хэштегімен 26 мамырға дейін жолдады. ⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Бүлдіршіндердің өнерін қоғам қайраткері Оразгүл Асанғазы, ҚР мәдениет қайраткері, балалар жазушысы Толымбек Әбдірайым және аудандағы ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәрсенбай Бердәліұлы жүзден жүйріктерін анықтады.⁣⁣⠀
Бірінші орын иегерлері, Абай Құнанбайұлының шығармасын қазақ тілінде оқыған Баймурзаева Альбина  мен орыс тілінде оқыған Мурат Асан  лайықты деп бағаланды.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Екінші орын иегерлері Жамбыл облысы, Талас ауданы Ойық ауылынан қатысқан Мейрамбек Нурсая  мен Айдарова Альбина  және Абай Құнанбайұлының шығармасын орыс тілінде нақышына келтіре оқыған Кинжетаев Дияр  лайықты деп бағаланды.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Үшінші орын иегерлері Мұсабеков Нұрлыбек пен Төлегенова Аружан және Абдыкакимов Алдиярмен Утемисова Инзара лайықты деп танылды. ⁣⁣⠀
Сондай-ақ, ерекше өнерімен көзге түскен он бір бүлдіршінге арнайы алғыс хат беріледі.

⁣Шаттық пен қуанышқа толы мерекенің қарсаңында аудан әкімі Нұрбол Нұрсағатов байқау жеңімпаздарын құттықтап, бағалы сыйлықтармен марапаттады.