«Nur Otan» партиясының Есіл аудандық филиалы көпбалалы отбасының балаларын мерекемен құттықтады

0
0
Фото «Nur Otan» партиясының Нұр-Сұлтан қаласы Есіл аудандық филиалынан

Халықаралық балалар күні мерекесіне орай «Бақытты отбасы» партия жобасы аясында «Nur Otan» партиясының Нұр-Сұлтан қаласы Есіл аудандық филиалының өкілдері көпбалалы отбасына арнайы барып құттықтады, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Филиал өкілдері мен партия мүшесі Санжар Жұмағұлов «Пригородный» тұрғын алабында тұратын көпбалалы Тұрсынбаевтар отбасына азық-түлік себеті мен балаларға базарлық ала барды.

Жұмыс тобы көпбалалы отбасымен кездесу барысында «Nur Otan» партиясының әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға арналып жүргізіп жатқан жұмыстары туралы айтты.

«Бұл отбасы 10 баланы тәрбиелеп отыр. Көпбалалы ана – «Күміс алқа» және «Алтын алқа» иегері. Отбасы мүшелеріне мықты денсаулық, бақыт, бақ-береке тілейміз», – деді құттықтаушылар.