«Online Astana Finance Days 2020» аясында EdTech білім беру технологиялары форумы өтті

0
0
фото Kaz.nur.kz

«Online Astana Finans Days 2020» конференциясы аясында цифрлық форматта EdTech білім беру технологияларының екінші қазақстандық форумы өтті. Әлеуметтік оқшаулану аясында әлемдегі білім беруді цифрландыру осы жылдың басты тақырыбы болды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Пандемия мен әлеуметтік оқшаулау білім беру технологиялары индустриясының оң серпініне айналды – бүкіл әлемде білім беру жүйесінің жеделдетілген цифрлық түрленуі жүруде. Мектептер, университеттер және кәсіби сертификациялар жылдам онлайн режимге көшуде. Бұл саланың цифрлануы болашақтың емес, бүгінгі күннің жағдайына айналды.

Сарапшылар жоғары білікті IT-мамандарды іздестіру және білім саласына тартудың өзекті мәселелерін; саланың әлеуметтік оқшауланудан және білім берудің цифрлық түрлендіруден алған тәжірибені; цифрлық экономикадағы адам капиталының рөлі және Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы білімнің орны жайлы пікір алмасты.

«2020 жыл көпке дейін есте қалады. Болашақта замандастырымыз бір ғана мәселені – EdTech аясында әлеуметтік қашықтықты сақтауда оң шешімдер іздеуде барша әлем мен әр саланың өкілдері болып бірлесіп жұмыс істегенін мысалға келтіре отырып цифрлық түрлендірудің түрлі жолдарын қарастыратын болады. Сондықтан біз экономиканың ең экологиялық таза саласы – білім беру саласында ұтымды шешімдер ұсына алатын және халықаралық ынтымақтастық құра алатын ең үздік мамандарды жинадық», деді «АХҚО Әкімшілігі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ернұр Рысмағамбетов.

«Қазіргі уақытта білім беру жүйесі үлкен өзгерістерге ұшырап жатыр. Білім берудегі тез икемделе алатын және тиімді әдістер қолжетімді болып, саланы тұтастай өзгертетін инновациялық әдістер пайда болуда. Білім беру саласында инновациялық технологияларды ұтымды пайдаланған қазақстандық жобалар мен бастамаларды көріп қуанасыз. Қазір білім беруде қандай өзгерістер қажет екенін түсіну үшін әр түрлі экожүйе мамандарымен саладағы өзгерістерді талқылаудың уақыты келді», деп көрсетті «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Павел Коктышев.