Нур-Султан -13.6°
×
09.01.2022, 22:30
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Интересно? Поделись новостью с друзьями!

Сенатор Дүйсенғазы Мусин қазақстандықтарды ел Президентін қолдауға шақырды

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дүйсенғазы Мусин барша қазақстандықтарды ел Президентін қолдауға шақырды, деп хабарлады elorda.info ҚР Парламент Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сенатор Дүйсенғазы Мусин қазақстандықтарды ел Президентін қолдауға шақырды

«Ата-бабамыздың арманы болған, ғасырлар бойы армандаған, қолымыз жеткен Тәуелсіздікті қорғау бүгінгі қалыптасып отырған жағдайда өте маңызды. Қоғамның әр мүшесі, Қазақстанның әр патриоты, «мен қазақпын, мен қазақстандықпын»,- деген азаматтың бүгінгі борышы – осы еліміздегі тыныштықты сақтап қалу. Мемлекет басшысының тарапынан қабылданып жатқан шұғыл шаралар халықтың ойынан шығып, қазір күштік құрамдардың тарапынан, өңірлерде қабылданып жатқан шаралар еліміздегі жағдайды жалпы тұрақтандырды деп айта аламыз. Сондықтан барша отандастарымызға, барша қазақстандықтарға айтарымыз, осындай сын-сағаттарда бір ауызды болып, мемлекет басшысының қолға алып жатқан іс-шараларын қолдап, мемлекеттің Тәуелсіздігі үшін, ұрпақтарымыздың, бала-шағамыздың, немерелеріміздің болашағы үшін, еліміздің Тәуелсіздігі үшін аянбай жұмыс жасау керек деп ойлаймын, соған шақырамын», - делінген Сенаттың баспасөз қызметі ұсынған хабарламада.

Следите за самыми актуальными новостями в нашем Telegram-канале и на странице в Facebook
Лента новостей

Герои столицы