Нур-Султан -13.2°
×
09.01.2022, 16:00
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Интересно? Поделись новостью с друзьями!

Облыс әкімдері халықтың мұң-мұқтажын түсінетін адамдар болуы тиіс – Ерлан Саиров

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров өзінің Facebook-тегі парақшасында Үкіметтің құрамы жаңаруы керектігін айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Облыс әкімдері халықтың мұң-мұқтажын түсінетін адамдар болуы тиіс – Ерлан Саиров

Министрлердің көпшілігі жұмысынан позитивті әлеуметтік-экономикалық өзгерістер байқалмайды. Үкіметке, Үкіметтің құрамына халық арасында беделі бар, аймақтарда жұмыс істеген, қазақ тілінде еркін сөйлейтін (екі тілді еркін меңгерген) адамдар болуы абзал. Аймақтардан жастарды тарту керек. Үкіметтің 10- жыл отырған, бір креслодан келесі креслоға секіріп жүрген, ешқандай нәтиже шығармаған жандардың кеткені дұрыс. Түбегейлі өзгерістер кадрлық саясаттан басталуы тиіс. Ауыл жастарының әлеуметтік лифт жасауына мүмкіндік беру керек. Өткендегі өкінішті жағдайлардың басты себебі, ауыл жастарының еліміздегі өз орнын таба алмауында. Осы олқылықты реттеу керек. Жағдай түзелгеннен кейін, облыс әкімдерінің басым көпшілігін ауыстыру керек. Облыс әкімдері халықтың мұң-мұқтажын түсінетін, адамдармен диалогқа баруға қабілетті жандар болуы тиіс. Біздің әкімдер бюджетті ойлайды, ал әкім халықты ойлап, азаматтардың сұрауына жауап беруге қабілетті болуы керек. Кабинетте отырып ел басқару принципі өз күшін жойды, - деді ол.

Следите за самыми актуальными новостями в нашем Telegram-канале и на странице в Facebook
Лента новостей

Герои столицы