Қазақстан премьер-министрінің міндетін атқарушы Әлихан Смайылов Қырғызстанның үкімет басшысы Ақылбек Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Elorda.info Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
Тараптар қос елдің мемлекеттік шекарасындағы жағдайды, сондай-ақ, Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдай фонындағы елдердің сауда-экономикалық өзекті мәселелерін талқылады.
Үкімет басшылары стратегиялық серіктестікті екіжақты және көпжақты форматтарда нығайту бойынша дайын екенін мәлімдегені айтылады.