Астанада тұрғын үй пәтерінен ер адамның мүрдесі табылды және пышақталған әйел ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады Elorda.info қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
26 ақпан күні Астана қаласы Полиция департаментінің «102» арнасына пәтерден ер адамның денесі табылғаны және пышақ жарақатын алған әйелдің ауруханаға жеткізілгені туралы хабар келіп түсті, - деп жазылған хабарламада.
Полиция департаметінің ақпаратына сәйкес, аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сонымен қатар қажетті сараптамалар тағайындалды.
ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеруге қатысты мәліметтер жария етілмейді.