Elorda.info

Өзбекстанның тумасы велосипед ұрлады

Елордада велосипед ұрлаған 22 жастағы күдіктіні ұстады, деп хабарлады Elorda.info қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Өзбекстанның тумасы велосипед ұрлады

Тергеу барысында түнгі сағат бір шамасында ер адам Қосшығұлұлы көшесінде пайда іздеп жүргені анықталды. Ол үйлердің бірінің кіреберісінде құны 30 мың теңге тұратын «OSM» маркалы бекітілмеген велосипедті байқаған. Ол жақын маңда ешкім жоқ екенін пайдаланып, велосипедті ұрлап, белгісіз бағытта қашып кеткен.
Аталған фактіге байланысты «ұрлық» бабы бойынша сотқа  дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азаматтың елорда аумағындағы басқа да осындай қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

АҚПАРАТ АҒЫНЫ

Оқиға