Қазақстан бокс құрамасының көшбасшылары кәсіпқой рингте бақ сынайды

0
98

31 қазанда Атырауда бокстан Қазақстан Республикасының ұлттық әуесқой құрамасы мүшелерінің қатысуымен кәсіпқой бокс кеші өтеді, деп хабарлайды Елорда Инфо Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Қазіргі әлем чемпионы (2019) Бекзат Нұрдәулетов пен әлем чемпионатының қола жүлдегері (2017, 2019) Абылайхан Жүсіпов рингке шығады.

Олардан өзге, Евгений Павлов (1-0, 1КО) және Бек Нұрмағанбет те (1-0, 1КО) өз кездесулерін өткізеді.

Бір қызығы, жекпе-жектер 6 раунд форматында өтеді.

Бекзат Нұрдәулетовтің кәсіпқой бокстағы алғашқы қарсыласы – Танзания өкілі Ибрагим Маокола (14-9, 9КО). Кездесу жартылай ауыр салмақта өтеді.

Абылайхан Жүсіпов бірінші орта салмақта Танзаниялық Мешак Мванкемвамен (21-7, 13КО) жұдырықтасады.