Садақ атудан ел біріншілігіне 100-ге жуық спортшы қатысады

0
82

Турнирге еліміздің сегіз өңірінен жүзге жуық спортшы қатысады. Ұйымдастырушылар коронавирус індетіне байланысты жарыс ережесіне көптеген өзгертулер енгізді. Бұл туралы Елорда Инфо Olympic.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Атап айтар болсақ, Қазақстан біріншілігінің салтанатты түрде ашылу және жабылу салтанаты өткізілмейді. Сондай-ақ, бапкерлер мен спортшылар қатысуымен баспасөз мәслихаттары ұйымдастырылмайды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімінде де барлық талаптар сақталады. Турнирге қатысатын спортшылардың ПТР тесті теріс нәтиже көрсетуі керек. Тест оң нәтиже көрсеткен жағдайда, спортшы жарысқа қатыстырылмайды.

Әр команданың қасында өз дәрігерлері жүреді. Олар қатысушылардың денсаулығы туралы ұйымдастырушыларға хабарлап отыруға міндетті.

Чемпионаттың финалдық кезеңі 3 қарашаға жоспарланған.