«Астана» командасының «Флеш Валлон» велотурына қатысатын спортшылары белгілі болды

0
153

«Астана» велокомандасы «Флеш Валлон» біркүндігіне қатысады, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Аталған веложарыс Бельгияда 30 қыркүйек күні өтеді. Әлемдік додаға «Астана» сапынан 6 велошабандоз жарыс жолына шығады.

Жарысқа қатысатын құрама тізімі: Омар Фраиле, Горка Исагирре, Уго Уль, Мерхави Кудус, Йонас Грегаард Вилсли және Родриго Контрерас.

Жарыстың спорт директоры: Дмитрий Фофонов пен Стефано Занини.