Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы ұзақ үзілістен кейін жаттығуға кірісті

0
109

Мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Элизабет Тұрсынбаева ұзақ үзілістен кейін жаттығуға кірісті. Бұл туралы Елорда Инфо Olympic.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Сондай-ақ, спортшы жаңа маусымдағы бағдарламасы туралы да бөлісті.

«Қазіргі таңда алғашқы жаттығулар қалыпты, өз дәрежесінде өтуде. Жаңа маусымда жаңа бағдарламаны жоспарлап отырған жоқпын.  Менің білуімше, Гран При ұлттық форматта өтеді және де жарыстағы ұпайлар рейтингке енгізілмейді. Ал мен Гран-приде қатыспаймын. Оқуыма қатысты айтар болсам, маған өте ұнайды. Көп жаңа ақпараттар, сонымен қатар, үй жұмысы да көп. Қазірше барлығына үлгеріп жатырмын», – дейді Тұрсынбаева.

Айта кетерлігі, Элизабет Тұрсынбаева биыл Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтына оқуға түсіп, студент атанды.