Энергетика министрлігі: Елімізде 10 мұнай және газ жер қойнауы учаскелері онлайн-аукцион арқылы сатылады

0
54

Бұл туралы ҚР Энергетика вице-министрі Жанат Жахметова мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жахметованың айтуынша, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап жер қойнауын пайдалану құқығын алуға мүдделі тұлғалар аукцион өткізуге онлайн режимінде өтініш бере алады.

– 2020 жылы Қазақстанда 10 мұнай-газ жер қойнауы учаскесін электрондық аукцион арқылы сату жоспарлануда, олардың қол қою бонусының жалпы бастапқы мөлшері 400 млн.теңге. Қазіргі уақытта аукционға қатысуға 30-дан астам өтініш келіп түсті, – деді Жанат Жахметова.

– Көмірсутектерді игеру және өндіру үшін мемлекет ұсынатын учаскелердің жалпы ауданы шамамен 29 мың шаршы км.

Электрондық сауда-саттықты өткізу 2020 жылғы 23 желтоқсанға жоспарланған (қатысуға өтінімдер 29 қарашаға дейін қабылданады). Бұл игеру құқығы электрондық тәсілмен іске асырылатын алғашқы учаскелер болып табылады. Осы уақытқа дейін аукциондар «көзбе-көз» режимде өткен, қатысушыларға, тіпті егер игеруге шетелдік компания үміткер болғанның өзінде, аукцион залдарына бару қажет еді. Енді карантинге байланысты және көптеген халықаралық әуе рейстері тоқтатылған кезде сауда-саттық электрондық тәсілмен жүргізілетін болады. Бұл мемлекеттік органдарды да, бизнесті де айтарлықтай операциялық шығындардан босатады.