COVID-19 әрбір екінші адамның психикасына әсер етеді – Бақытжан Нұралиев

0
104

ҚР ДСМ «Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы» ШЖҚ РМК бөлімшесінің басшысы Бақытжан Нұралиев коронавирус індетінен емделіп шыққан адамның денсаулығына әсері жайлы түсіндіріп өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

«Қазіргі уақытта пандемия кезіндегі республика халқының психикалық жай-күйінің өзгеруіне нақты баға беру әлі ерте. Аймақтық психикалық денсаулық орталығының мәліметтері мен психологиялық көмек көрсету сайттарының жұмысын ескере отырып, психикалық ауытқулары бар адамдардың мамандандырылған көмекке жүгінуінің өсуі байқалады деп айтуға болады. Бұл алдын ала тұжырымдар халықаралық жарияланымдарында баяндалған алдын ала зерттеулерінде расталады», – дейді Бақытжан Нұралиев.

Сөз арасында ол арнайы жүргізілген сауалнама барысында адам денсаулығына әсері анықталғанын мәлім етті.

«Қызыл Крест жүргізген COVID-19 жайлы сауалнама әрбір екінші адамның психикасына әсер ететінін көрсетті. Жеті елдегі респонденттің жартысы (51 пайызы) COVID-19 пандемиясын психикасына кері әсерін тигізді деп мәлімдейді. Қазір зерттеу жұмыстарының өзге де түрлері қазір жүргізіліп жатыр. Зерттеу жұмыстары аяқталғаннан кейін қорытынды баға беріледі», – дейді ол.