Николай Негай ғалымдар пайымдаған төрт негативті реакцияны атады

0
96

ҚР ДСМ «Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы» ШЖҚ РМК Бас директоры Николай Негай онлайн брифингте пандемия кезінде пайда болған адамдардың төрт негативті реакциясы туралы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

«Ғалымдар пандемия кезінде адамдардың бойында пайда болған негативті реакцияны төрт түрге бөледі. Оның біріншісі – жоққа шығару. Яғни коронавирус инфекциясының бар екенін мүлде жоққа шығаратындар бар. Олар өздерінің бұл әрекетіне сенімді болғаны сонша мүлде сақтық шараларын жасамайды. Мұндай адамдарды әлеуметтік желілерде де, күнделікті кездескен адамдардың арасынан да байқауға болады. Әсіресе көктем мен жаздың басында осындай пікірдегілер саны өте көп болды. Екіншісі – қашу. Яғни кейбір адамдар таныстарымен кездесуден, біреумен байланыс жасаудан қашқақтайды. Тіпті теледидарды өшіріп, жағымсыз ақпарат тыңдағысы келмейді. Бірақ бәрібір олардың жүйкесінде де тыныштық бұзылып, ұйқысы қашуы мүмкін. Келесісі – агрессия. Яғни агрессиямен жауап беріп, кез келген ескертуді көтере алмайды. Айналасынан кінәліні іздейді. Барлығын кінәлайды да. Төртіншісі – күдіктену. Біз ондай типтегі адамдарды да жиі кездестіреміз. Кейбір адам әлдекімнен күдіктенеді. Мысалы, 5G, Билл Гейтс деген сияқты. Өкінішке қарай, бұл төрт негативті реакция әрдайым және Қазақстанда немесе Ресейде яки басқа да мемлекеттерде, барлық жерде бар, бола да береді. Бірақ ол қоғамға жағымсыз әсер етеді. Мысалы, вирусты жоққа шығарғанның салдарынан кейбір адам қазіргі эпидемиологиялық шараларды сақтамауға әкеп соқтыруы мүмкін», – деді ол.