Қазгидромет: Қазан айының басында оңтүстікте үсік жүреді

0
66

Қазгидромет 29 қыркүйек – 1 қазан күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Қазақстан аумағының басым бөлігінің ауа райын солтүстік-батыс антициклон анықтайды. Оның келуімен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Тек еліміздің солтүстік-шығыс бөлігіне ғана циклон жырасы әсер етеді, осыған байланысты кей жерлерде жауын-шашын болады. Республика бойынша кей жерлерде тұман, желдің күшеюі күтіледі, қиыр оңтүстікте кезең соңында үсік жүруі мүмкін.