Еріктілер Қорғалжындағы сенбілік кезінде жүз қаптан аса қоқыс жинады

0
79
Фото: astana.gov.kz

Акцияға 60-тан астам ерікті қатысты, деп хабарлайды Елорда Инфо әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Жас Ұлан” бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі «Birgemiz: Taza Alem» жалпыұлттық жобасы аясында Қорғалжын ауданында сенбілік ұйымдастырды. Акцияға 60-тан астам ерікті қатысты. Бірнеше сағат ішінде белсенділер жүзден астам қоқыс жинады.

«Қорғалжын ауданы тек еліміздің ғана емес, бүкіл Орталық Азияның қазынасы. Мұнда ғалымдар мен жабайы табиғатты сүйетіндер су құстарының сирек кездесетін түрлерін зерттеп, шексіз дала мен жабайы көлдердің ландшафттарын тамашалауға келеді. Ауданның экологиясын жақсарту жөніндегі іс-шараларды тұрақты негізде жүргізу қажет деп санаймыз», – дейді «Birgemiz: Taza Alem» жалпыұлттық жобасының үйлестірушісі Ақнұр Тұрдалиева.

Жиналған қоқысты еріктілер ҚТҚ полигонына жіберді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай акциялар тұрақты негізде өткізіледі. Іс-шараның экологиялық мәдениетті және халықтың жауапкершілігін арттыру үшін маңызы зор.