«Daryn.online» платформасын қазір 2,7 млн адам қолданады

0
57
фото Weekend.bugin.kz
фото Weekend.bugin.kz

«Daryn.online» платформасының негізін құрушы Ержан Оңалбаев күзде қанша бала аталмыш платформаны қолданатынын айтып, өз болжамын білдірді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

«Daryn.online» платформасына қазіргі уақытта 2 млн 700 мыңдай қолданушы тіркелген. Бұл бір жылдық жұмыстың нәтижесі. Биыл 1 қыркүйектен бастап бүкіл республика бойынша 1 491 мектеппен келісімшарт жасалып, шамамен 1,5 млн – 1,8 млн мектеп оқушысы қолданады деп күтіп отырмыз», – дейді Ержан Оңалбаев.
Айта кетейік, Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан онлайн отырыста Нұр-Сұлтан қалалық Білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова астананың 40 мектебі «Daryn.online» платформасын қолданатынын мәлім еткен болатын.