Астаналық мектептер қандай платформалармен оқиды

0
72


Нұр-Сұлтан қалалық Білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова мектептердің алдағы оқу жылында қандай платформалармен қашықтан оқитынын түсіндіріп берді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

«Барлық мектептерде «Білім LAND» беру платформасын пайдалануға келісімшарт жасады. Сонымен қатар елорданың 40 мектебінде «Дарын онлайн» платформалары қолданылады. Ал бағалау жүйесі өзіміздің дәстүрлі «Күнделік» электронды журналы арқылы жүргізіледі. 30 тамыздан бастап оқушылар мен мұғалімдердің бәріне осы платформалар қолжетімді болады. Логин, парольдары белгіленіп таратылды», – дейді басқарма басшысы.

Айта кетейік, Шолпан Қадырова онлайн отырыста бастауыш сыныптарға 82 мыңнан аса бала баратынын, олардың тең жартысы кезекші сыныптарға өтініш білдіргенін мәлім етті.