Коронавирустық инфекция белгілері бар пневмониядан 5 адам қайтыс болды

0
91

Елімізде өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмониядан 5 адам көз жұмды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 161 жағдайы және 5 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 73 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 41 756, 439 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 30 362 жетті.