Демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады

0
119

Синоптиктер 28-30 қараша күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Қараша айының соңында Қазақстан аумағының басым бөлігі оңтүстік циклонның ықпалында болады. Ол өзімен бірге қар әкеледі, жекелеген өңірлерде қалың қар, сондай-ақ көктайғақ, бұрқасын және желдің күшеюі күтіледі. Алайда кезеңнің ортасынан бастап ауа райын кең антициклон анықтай бастайды, онымен жауын-шашынның тоқтатылуы және ауа температурасының төмендеуі күтіледі.