Тайсон – Джонс жекпе-жегі. Кім қанша алады

0
168

Yahoo! Sports тілшісі Спорт Кевин Айоле ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Майк Тайсон (50-6, 44 КО) мен төрт дивизион бойынша экс-әлем чемпионы Рой Джонсқа (66-9, 47 КО) жекпе-жекке шыққаны үшін қанша қаржы төленетінін айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Журналист өзінің Twitter-парақшасында Тайсон жекпе-жек үшін 10 миллион доллар алатынын, ал Джонстың ақысы 3 миллион доллар болатынын жазған. Бұл сомаларға ақылы эфирлік сатылымдар пайызы кірмейтін көрінеді.

54 жастағы Тайсон мен 51 жастағы Джонстың жекпе-жегі екі минуттан сегіз раундқа созылады.