Сайлау-2021: Елордада өз учаскеңді қалай табуға болады

0
143

2021 жылдың 10 қаңтарында Қазақстанда мәслихаттар мен Парламент Мәжілісіне кезекті сайлау өтеді. Елорда Инфо Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарына дауыс беру үшін өз учаскесін қалай табуға болатынын ұсынады.

Ел астанасы Нұр-Сұлтан қаласында өз сайлау учаскеңізді мына жолдармен табуға болады:

– қала әкімдігінің сайтында http://astana.gov.kz,«өз сайлау учаскеңізді табыңыз» баннерін басу»;

– iKomek бірыңғай байланыс орталығына 24/7 режимінде 109 нөмірі бойынша хабарласу арқылы;

– Smart Astana мобильді қосымшасы арқылы;

– Telegram чат-бот арқылы @smartastana_bot.