Атбасар қаласында болған өрттен 3 адам құтқарылды

0
114

Ақмола облысының Атбасар қаласында Бегілдинов көшесіндегі үйде өрт шығып, 1967 және 1988 жылғы екі әйел адам мен 2013 жылғы бала құтқарылды. Сондай-ақ құтқарушылар бұл отбасының автокөлігін де өрттен аман сақтап қалды, деп Елорда Инфо Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Сағат 8:25-те өрт туралы хабарлама келіп түсті. Келген бойда үйге жапсарлас салынған гараж және тұрғын үй конструкциялары жанып жатқаны анықталды. Үйден шығу жолдары отпен жабылды. Бұл үйде қызы мен немересі бар ана болды. Өрт сөндірушілер жедел әрекет етіп, үйге кірді. Оттегі бетперделерін пайдаланып, үй иелерін құтқарды. 20 минут ішінде өрт толығымен сөндірілді», – деді Атбасар ауданының ТЖ бөлімінің бастығы Ерболат Ашкенов. 

Фото ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен

Төтенше жағдайдың алдын ала себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы. Өртті сөндіруге ТЖ департаментінің күштері мен құралдары жұмылдырылды.