Полиция департаментінің басшысы азаматтарды онлайн қабылдады

0
154

Елордалық полиция басшысы Ержан Саденов бірыңғай қабылдау күні аясында азаматтардың мұң-мұқтажын тыңдап, оларды шешу жөнінде тапсырма берді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Азаматтарды бірыңғай қабылдау күні министрлік және аумақтық Полиция департаменттері басшылығымен жүзеге асырылды.

«ZOOM» интернет платформасы арқылы Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Ержан Саденов азаматтарды қабылдады.

«Іс-шара халықпен кері байланысты қамтамасыз ету, олардың проблемалық мәселелерін шешу, сондай-ақ, «халық үніне құлақ асатын мемлекет» мемлекет тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде халықтың полицияға деген сенім деңгейін жоғарылату мақсатында өткізілуде» – деді Ержан Саденов.

Азаматтар онлайн форматта шағымдары мен өтініштерін және ұсыныстарымен жүгінді.

Көбінесе азаматтарды қылмыстық істердің тергелуі, жол қозғалысын ұйымдастыру және басқа да мәселелер қызықтырды. Қосымша зерделеуді талап ететін істерді департамент басшысы жеке бақылауына алды. Нақты фактілермен қатар басшыларға әрбір өтініштер мен шағымдарды түпкілікті қарап тексеру тапсырылды.

Азаматтар полиция қызметкерлеріне деген алғыстарын жиі білдіріп жатады және жеке өтініштері бойынша да жүгінеді.

ПД бастығына Қазақстан журналистер одағының мүшесі, публицист Бақыт Рүстемов онлайн режимінде шықты. Бұған оның жаңа кітап жазуы себеп болды. Жазушы елорда аумағында жасалған өткен жылдардағы криминалдық оқиғаларға қызығушылық танытқан.

Ведомство басшысы архивтік материалдарды зерделеп, кітапты жазу үшін қажетті ақпаратты жинақтауға көмек көрсетуді тапсырды.

Жы басынан бастап департамент бастығы 150 азаматты қабылдап, мәселелері шешілді.