Жаңалықтар

Сәкен Майғазиев: Халқымнан әулие емес шығармын

Танымал әнші, «Шымкент қалалық мәдениет үйі» концерттік ұйымы» МКҚК директорының міндетін атқарушы Сәкен Майғазиев коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Әнші Шымкенттегі Медикер орталығында «Спутник V» екпесін салдырған.

«Халқымнан, Президенттен, имамдардан, мұғалімдерден, мемлекеттік қызметкерлерден, медицина, полиция қызметкерлерінен әулие емес шығармын. Көппен көрген ұлы той, кеше мен де «Спутник V» екпесін салдырдым», – деп жазды С. Майғазиев Instagram парақшасында.

Екпені салдырған әнші ешқандай ауыртпалық сезбеген, жағдайы жақсы.

Айта кетейік, Қазақстанда 893 633 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы вакцина салдыру оразаны бұзбайтынын айтқан болатын.

Алтын Өмір

Алтын Өмір, Elorda.info сайтының тілшісі

elorda.info

Back to top button