Коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаның жай-күйі қандай

0
118

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцина жайлы түсіндіріп берді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

«Қазіргі таңда қазақстандық вакцина жақсы нәтиже көрсетіп жатыр. Денсаулық сақтау министрлігінің бір топ сарапшысы Жамбыл облысындағы зертханаға барды. Коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцина әзірге үшінші сынақ кезеңінің бірінші фазасынан өтіп жатыр. Алда әлі атқаратын жұмыс көп. Ол бірнеше айға созылуы мүмкін, нәтижесін күтеміз», – дейді министрліктің ресми өкілі.

Айта кетейік, Бағдат Қожахметов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында еліміздің екі өңіріндегі мектеп мен балабақшада 16 баладан коронавирус инфекциясы анықталғанын мәлім етті.