Еліміздің екі өңіріндегі мектеп мен балабақшадан коронавирус инфекциясы анықталды – Қожахметов

0
112

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов еліміздің екі өңіріндегі білім орындарынан 16 баладан коронавирус инфекциясы анықталғанын мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

«Қазіргі уақытта Қазақстанның екі өңірінің бірнеше мектебінде және бір балабақшада 16 баладан коронавирус инфекциясы табылды. Ереже бойынша бұл оқу орындары мен балабақшалар жабылды. Ол орындарда жұмыс істейтін мұғалімдер, тәрбиешілер және балалардың отбасы мүшелері толығымен ПТР тест тапсырып, бақылауға алынды. Тиісінше 14 күнге оқшаулануға жіберілді», – дейді Бағдат Қожахметов.

Айта кетейік, баспасөз мәслихаты барысында ДСМ өкілі кардиология бағыты бойынша 10 жылға арналған жол картасы жүзеге асып жатқанын мәлім еткен болатын.