Бағдат Қожахметов вице-министр Людмила Бюрабекованың қызметтен кетуінің себебін айтты

0
123

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов вице-министр Людмила Бюрабекованың қызметтен босатылуының себебін айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Людмила Бюрабекова басқа жұмысқа ауысуына байланысты вице-министр қызметін өз еркімен босатты. Оның қандай қызметке ауысқаны әзірге белгісіз. Белгілі болған кезде қосымша хабарлайтын боламыз немесе ол өзі де жариялауы мүмкін», – деді Б.Қожахметов ОКҚ-да өткен брифингте.