Жүрегі ауыратын науқастар вирус жұқтырудан барынша сақтануы керек – Бекбосынова

0
127

«Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ басқарма төрағасының м.а. Махаббат Бекбосынова онлайн брифингте жүрек-қан тамыры ауыратын науқастардың өлімі өткен жылмен салыстырғанда көбеймегені туралы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Пандемия кезінде барлық күш коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастарды емдеуге жұмылдырылды. Бұрыннан жүрек-қан тамырлары ауыратын науқастар бұған дейін артық дәрі ішпей, күтінудің арқасында ұзағырақ өмір сүру мүмкіндіктері болатын. Ал инфекция жұқтырғандарына бұл кезең қиынға соқты. Сондықтан оларға вирус жұқтырмауға тырысып, барынша сақтануы керек. Кейбірі төтенше жағдай кезінде ауырса да, дәрігердің көмегіне жүгінуден жасқанған көрінеді. Өйткені КВИ жұқтырып алудан сақтанған. Жалпы, коронавирустан қайтыс болғандардың 30 пайызы – қант диабетімен ауырған науқастар. Кейінгі жылдары жүрек-қан тамыры ауыратын науқастар арасындағы өлім көрсеткіші 3 пайызды құрайтын. Яғни 100 науқастың үшеуі қайтыс болады деген сөз. Одан бұрынғы жылдары 4 пайыз болған. Дегенмен қазіргі уақытта бұл дертке шалдыққандар арасындағы өлім көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда аса көбейген жоқ», – деді ол.