Кардиология бағыты бойынша 10 жылға арналған жол картасы жүзеге асуда – ДСМ

0
122

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов онлайн брифингте кардиология жөнінде 10 жылға арналған жол картасы жүзеге асып жатқаны туралы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Кардиология жөнінде айтатын болсақ, бұл бағытта 10 жылға арналған жол картасы жүзеге асуда. Онда ұзақ уақыттан бері ауыратын науқастарға мән берілген. Бұл жобаны Денсаулық сақтау министрлігі кардиохирургиялық орталығымен бірге жүзеге асыруда. Онда қан тамыр-жүрек аурулары ұзақ уақыттан бері ауыратын науқастарға алғашқы медициналық және стационарлық деңгейде сапалы қызмет көрсету мәселесі қамтылған», – деді ол.