Жаңалықтар

Nur Sunqar республикалық конкурс жеңімпаздары анықталды

Nur Otan партиясы Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында 12-ші рет Nur Sunqar республикалық конкурсын өткізуде, деп хабарайды Елорда Инфо.

Осы уақыт аралығында бұл сыйлық журналистер қауымдастығы арасында медиа саласы қызметкерлерінің еңбегі мен кәсіпқойлығы бағаланатын беделді марапатқа айналды.

Биыл конкурсқа қатысу үшін 291 материал түсті. Конкурстық комиссия жеңімпаздарды 8 номинация бойынша анықтады.

Өтініштерді парламент мәжілісінің депуттары, Нұр-Отан партиясының басшылығы, белгілі қоғам қайраткерлері мен журналистерден тұратын арнайы комиссия қарап, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарды анықтады. Сонымен «Елбасы салған жол» номинациясы бойынша «Орталық газет» тілшісі Ерсін Мұсабеков танылса, «Тәуелсіздік тағылымы» номинациясында «Ана тілі» газетінің тілшісі Перзент Домбай, және Azattyq-ruhy.kz ақпараттық агенттігі бас редакторының орынбасары Ардақ Сейітқазин марапатталды. «Телевизия үздігі» номинациясы бойынша «Атамекен бизнес» телеарнасының журналисі Мейрамгүл Мәдәлі марапатталды. Ал «Партия жаршысы» аталымына қазылар алқасы Хабар агентігінің тілшісі Ирина Камышованың еңбегін лайықты деп бағалады. «Блогосфера үздігі» аталымы Newsroom.kz порталының бас редакторы Олжас Беркінбаевқа бұйырды. «Youtube үздігі» болып Нартай Аралбайұлы танылса, «Ұшқыр қалам» номинациясында «Астана ақшамы» газетінің тілшісі Қалиақбар Үсемханұлы жеңіске жетті. «Qaz үздігі» номинациясын «Ақпарат» порталының тілшілері Tengrinews.kz Ренат Ташкинбаев пен Тұрар Қазанғапов жеңіп алды. Жеңімпаздар Nur Sunqar-дың арнайы мүсіншесі мен 1 млн теңге сыйақыға ие болады.

Еліміздің биылғы мерейтойы ескеріле отырып, Қазақстанның жетістіктері туралы үздік материалға «Тəуелсіздік тағылымы» атты тағы бір номинация тағайындалды.

elorda.info

Back to top button