Назым Қызайбай «Странджа-2021» халықаралық турнирінде алғашқы жеңісіне қол жеткізді

0
87

Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай «Странджа-2021» халықаралық турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды Елорда Инфо olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл күндері Болгарияның София қаласында бокстан ерлер мен әйелдер арасында халықаралық турнир өтіп жатыр.

Әйелдер арасында 51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде шаршы алаңға шыққан қазақстандық Назым Қызайбай алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Алғашқы кездесуінде ол марокколық Рабабы Чеддардан басым түсті.

Ел құрамасының тағы бір мүшесі Римма Волосенко қарсыласына жол берді. АҚШ өкілімен өткен кездесу 1:4 есебімен қарсыластың еншісіне шешілді.

Айта кетерлігі, 72 рет ұйымдастырылып отырған халықаралық дода 27 ақпанға дейін жалғасады.