Жаңалықтар

12 жасар Хенд Заза – Токио Олимпиадасының ең жас спортшысы

Сириядан келген он екі жасар үстел теннисшісі Хенд Заза биылғы Токио Олимпиадасының ең жас спортшысы ретінде тарихқа енеді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Ол былтыр небәрі он бір жасында Батыс Азиядағы іріктеу турнирінде жеңіске жетіп, Олимпиадаға жолдама алған-ды. Аталмыш турнирдің финалында Хенд өзінен 32 жас үлкен ливандық Мариана Саакянды ұтқан-ды.

Жас спортшы Дамаск жанындағы Хама қаласында өмірге келген. Бес жасынан бастап үстел теннисіне әуесі ауған ол жеті жасында Халықаралық үстел теннисі федерациясының Катар қаласында ұйымдастырылған West Asia Hopes Week and Challenge жарысына келеді. Мұнда оның ағасы өнер көрсетуі керек болған-ды. Оған ағасымен бірге жаттығуға рұқсат береді. Балдырғанның өнеріне тәнті болған бапкерлер оны келесі ірі чемпионатқа жанкүйер ретінде емес, қатысушы ретінде апарады.

Дамасктің «Әл-Мухафаза» клубында өнер көрсететін Хенд Заза барлық жас категориясы бойынша ұлттық турнирлерде жеңіске жеткен тұңғыш сириялық ойыншы атанған.

Естеріңізге сала кетейік, Олимпиада ойындарының тарихындағы ең жас медалист грек гимнасы Димитриос Лундрас болған. Ол 1896 жылы топтық сайыста қола медальді қанжығасына байлаған. Ол кездегі Димитриос небәрі 10 жаста екен.

elorda.info

Back to top button