Елбасы елорда әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады

0
136
Фото: elbasy.kz сайтынан

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады, деп хабарлайды Елорда Инфо elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.

Кездесуде елорда әкімі Елбасыға қала құрылысындағы алдағы жоспарлар мен санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша қабылданған шаралар туралы баяндады.

А.Көлгіновтің мәліметінше, 2020 жылы елорданы дамыту және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау бойынша маңызды жобаларды іске асыру үшін 1 триллион теңгеден астам инвестиция тартылдыӘңгіме барысында білім беруденсаулық сақтауөнеркәсіптұрғын үй құрылысы және инфрақұрылымды дамыту салаларындағы жобаларды іске асыру мәселелеріне ерекше мән берілді.

Сонымен қатар НұрСұлтан қаласының әкімі пандемия жағдайында елорданың шағын және орта бизнес өкілдерін қолдау шаралары туралы айтып берді.