Шетелден елге оралған 10 қазақстандықтан коронавирус анықталды

0
101

20 қаңтарда елге оралған 10 қазақстандықтан коронавирус анықталды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Олар Минск, Шарм-эль-Шейх және Дубайдан келген. Өткен тәулікте Республика аумағына 13 халықаралық рейспен 1471 жолаушы келді. Оның 417-інде ПТР-тесттің нәтижесін көрсететін анықтама болмаған.

Жолаушылар қонған жерінде арнайы тексеруден өтіп, ПТР-тест тапсырды. Нәтижесін карантиндік стационарда күтеді.