КВИ белгілері бар пневмония 100-ге жуық адамнан анықталды

0
110

Сoronavirus2020.kz сайты 20 қаңтардағы жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония туралы ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«20.01.2021 ж. коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 96 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 56 адам емделіп шықты», – делінген хабарламада.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 47 211, 549 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 34 981 жетті.